Қазақстанда биыл мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтінім берілді, деп хабарлайды astana24.com Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтында хабарланғандай, бүгін Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия өкілдері талапкерлердің өтініштерін қарады. Бұдан әрі талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдары мен бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалады.
Талапкерлердің басым бөлігі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарындағы мамандықтарды таңдаған.
Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес, болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтер мен мұғалімдер арасында бір гранттық орынға бәсекелестік жоғары болмақ. Яғни министрлік ақпаратына сенсек, дәл осы мамандықтар бойынша грант иелену қиынға түсейін деп тұр.
Конкурстық іріктеудің қорытындысы министр Саясат Нұрбектің, Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.
