in

Қазақстандық волейболшы қыздар 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына шықты

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды astana24.com.

В тобындағы алғашқы кездесуінде Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын ұлттық құрама Филиппинмен шеберлік байқасты. Ойын қазақстандықтардың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды (27:29, 26:24, 25:23, 25:19).

Филиппин құрамасы үшін бұл 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші матч болды. Бір күн бұрын олар Қытайдан 0:3 есебімен жеңілген еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы ширек финалға жолдама алды. Плей-офф кезеңіне әр топтан ең мықты екі команда шығады. Филиппиндіктер ширек финалға өту мүмкіндігінен айырылды.

18 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай құрамалары топтағы көшбасшыны анықтайды. Матч Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады.