"Қайраттың" 19 жастағы қорғаушысы Адлан Нұрғалиев Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады, деп хабарлайды алматылық клубқа сілтеме жасаған astana24.com.
Адлан Нұрғалиев 13 маусымда "Атырау" командасына қарсы өткен матчтың 83-минутында Александр Мрынскийдің орнына алаңға шыққан.
Футболшы Ақмола облысының Степняк қаласында дүниеге келген. "Қайрат" академиясында 2021 жылдан бері тәлім алып келеді.
2023 жылы U-18 командасымен бірге QJ League чемпионы атанса, 2024 жылдан бастап Бірінші лигада "Қайрат-Жастар" сапында өнер көрсетіп жүр.
Наурыз айында Адлан негізгі командамен бірге Санкт-Петербургке барып, "Зенитке" қарсы матчта алғашқы минуттарда алаңға шыққан.
Ал сәуірде қорғаушы Қазақстан Кубогындағы "Жайық" пен "Қайсарға" қарсы кездесулерде негізгі команда сапындағы дебютін өткізген.
