Алматы облысында 5 пайыздық жеңілдетілген ипотека бағдарламасы басталды. Оған жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары қатыса алады. Несие беру шарттары туралы толығырақ astana24.com материалынан оқи аласыздар.
Қазақстанда бірқатар өңірлік жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама бар. Мысалы, жақында біз 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін қала жастарына арналған "Алматы жастары" бағдарламасы туралы хабарлаған едік.
"Крыша" порталының жазуынша, енді Алматы облысында "Алатау" өңірлік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған. Жастар бағдарламаларынан айырмашылығы, оған 18 бен 60 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.
Биыл бағдарлама аясында 120-дан астам несие беру үшін 3,2 миллиард теңге бөлінген.
"Алатау" ипотекасының шарттары қандай?
"Алатау" ипотекасының шарттары:
Маңызды: пәтерді тек жаңа үйден және тек Қонаев қаласынан сатып алуға болады. Бағдарламаға жеке баспанасы жоқ азаматтар қатыса алады.
"Алатау" ипотекасын кімдер рәсімдей алады?
"Алатау" жеңілдетілген бағдарламасы келесі салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтарға арналған:
"Алатау" бағдарламасына қалай қатысуға болады?
Өтінімдер Қонаев қаласындағы "Шахнұр" бизнес-орталығында қабылданады. Қабылдау кестесі:
Алдымен құжаттарды әкімдік, кейін облыстық комиссия тексереді. Содан кейін қатысушылар келесі критерийлер бойынша берілетін балдар арқылы іріктеледі:
Байқау жеңімпаздары "Отбасы банкке" жолдама алады. Онда азаматтардың табысы мен несие тарихы тексеріледі. Егер табыс жеткіліксіз болса, екі кепілгерді тартуға болады.
