in

Жоғалған екі жасөспірім Аюсай шатқалында табылды (видео)

Алматы тауларына жол тартқан екі жасөспірім хабарсыз кетті. Құтқарушылар оларды Аюсай шатқалынан тауып, ата-анасына тапсырды. Бұл туралы astana24.com порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 тамызда Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы шыңының маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3680 метр биіктікте екі жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Анықталғандай, жасөспірімдер 18 тамызда таңертең тауға шығып, сол күні қайтуды жоспарлаған. Алайда белгіленген уақытта үйлеріне оралмаған. Олармен байланыс болмаған, геолокация деректерін алу да мүмкін болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары дереу кірісті. Іздеу барысында жасөспірімдер Аюсай шатқалынан табылды.

Құтқарушылар оларды таулы аймақтан қауіпсіз жерге шығарып, ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертпесі: