in

Әскери қызметшілер енді тұрғын үй төлемін туысының пәтерін жалға алуға пайдалана алады

Қазақстанда әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемін пайдалану мүмкіндігі кеңейтілді. Енді әскери қызметшілер жақын туысының үйін жалға ала алады немесе сатып ала алады, деп хабарлайды astana24.com.

Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемі қарастырылған. Оның екі түрі бар:

Қаражатты тұрғын үй сатып алуға және пәтер жалдауға, ипотека төлеуге және тұрғын үй депозиттерін толықтыруға пайдалануға болады. Биылдан бастап ережеге өзгеріс енгізілді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаңа ережеге сәйкес, енді тұрғын үй төлемдерін мына жағдайларда да пайдалануға болады:

Сонымен қатар құжат бойынша:

Қарапайым тілмен айтқанда, әскери қызметшілерге енді туыстарынан тұрғын үй жалға алуға рұқсат етіледі, ал жалға алу мерзімі мен тұрғын үй ауданына шектеу қойылмайды.

Тұрғын үй төлемдерін алушылар жыл сайын 25 қаңтарға дейін төлемдерді алу орны бойынша отбасы мүшелерінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтаманы және арнайы шот бойынша банктен анықтаманы ұсынуға міндетті.