Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға әл-ауқатын жақсартып, қауіпсіз қарттықты қамтамасыз ету үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды astana24.com.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов балаларға жасалған инвестицияны ең жақсы инвестиция деп атады.
"Балалардың жан-жақты дамуынан, олардың ақылды болуынан, дайын болуынан қаражатты аямау керек. Мектепке дейінгі, мектептегі білім, спорт міндетті түрде қажет", – деді ол.
Оның айтуынша, зейнетке шыққанда осал жағдайда қалмас үшін қазақстандықтар депозитке де ақша жинауға тиіс.
"Сондай-ақ зейнетақы жинағын тым көп жұмсай берудің қажеті жоқ – барлық шешімге ақылмен қарау керек. Жаңа iPhone, жаңа теледидар, жаңа көлік сияқты өткінші нәрселерге еріп кетпеу маңызды. Оның бәрі – өткінші нәрсе, менің ойымша. Ең жақсы инвестиция – балалар мен жақындарыңызға, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға бағытталған инвестиция", – деп есептейді Ұлттық банк төрағасы.
