Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдерді 2027 жылдан бастап 8,5 пайызға арттыруды көздейтін бұйрық жобасы жарияланды. Толығырақ astana24.com сайтынан оқыңыз.
Ресми түрде жұмыс істейтін қазақстандықтар кейбір жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер ала алады. Олардың кейбірінің мөлшері 2027 жылы ұлғайтылады.
"Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, өсім екі әлеуметтік төлемге қатысты болады:
Индексация мөлшері тағайындалған әлеуметтік төлемдер көлемінің 8,5 пайызындай болады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, екі әлеуметтік төлем де мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша тағайындалады. Әлеуметтік аударымдары бар азаматтар бірден екі төлем алады.
