in

Bybit Kazakhstan кез келген қазақстандық банк картасымен теңгені енгізу мен шығаруды іске қосады

Bybit Kazakhstan жаңа фиат арнасының іске қосылғанын мақтанышпен хабарлайды. Бұл әмбебап шешім цифрлық активтерге қол жеткізуде жаңа кезең ашып, теңгеден цифрлық активтерге және кері қарай өтуді қарапайым әрі түсінікті етеді. Енді балансты банк картасынан қазақстандық теңгемен (KZT) тікелей толықтырып, қаражатты картаға қайта шығаруға болады.

Жаңа арна платформада бұрыннан жұмыс істеп тұрған балансты толықтыру тәсілдеріне қосымша іске қосылды. Олардың қатарында Банк ЦентрКредит (BCC) арқылы тікелей фиат арнасы және бес банк қатысатын реттелетін P2P бар. Енді пайдаланушыларда теңгеден цифрлық активтерге және кері өтудің одан да көп жолы бар, әрі әркім өзіне ыңғайлы нұсқаны таңдай алады.

Бұл цифрлық активтермен жұмыс істеуді күнделікті төлемдер сияқты қарапайым әрі үйреншікті етуге бағытталған маңызды қадам. Шешім Bybit Kazakhstan платформасына толықтай біріктірілген: пайдаланушы бірнеше қадаммен балансты теңгемен толықтырып, қаражатты өз картасына қайта шығарады. Теңге Bybit Kazakhstan жеке кабинетіндегі теңге әмиянына есептеледі, ол жерден оны бірден One-Click Buy арқылы цифрлық активтер сатып алуға немесе спот нарықта, соның ішінде KZT/USDT жұбында сауда жасауға бағыттауға болады. Барлығы бір жерде – артық қадамдарсыз және сервистер арасында ауысусыз.

Жаңа арна барлығына арналған. Ол азаматтығына қарамастан Қазақстанның верификациядан өткен барлық резиденттеріне қолжетімді, ал оны пайдалану үшін белгілі бір банкте шот немесе карта ашудың қажеті жоқ: кез келген қазақстандық банктің картасы жарайды.

Жаңа арна мыналарды ұсынады:

Лимиттер мөлшері пайдаланушының верификация деңгейіне және қолданылатын талаптарға байланысты. Өзекті мәндер Bybit.kz сайтындағы жеке кабинетте көрсетіледі.

"Бұл біз үшін айтулы қадам. Біз Қазақстандағы верификациядан өткен әрбір пайдаланушы цифрлық активтермен күнделікті банк картасын қолданғандай оңай жұмыс істей алуын қалаймыз. Bybit Kazakhstan платформаны клиенттеріміз үшін одан да ыңғайлы әрі қолжетімді ету үшін жаңа фиат шлюздерін дамытып, ашуды жалғастырады", – деді Bybit Kazakhstan Регионалдық менеджері Аблайхан Әубәкір.

Банк карталары арқылы теңгені енгізу және шығару Bybit.kz платформасында толық верификациядан өткен пайдаланушыларға қазірдің өзінде қолжетімді. Бүгіннен бастауға болады.

Bybit Kazakhstan туралы (Bybit Limited)

Bybit Kazakhstan – "Астана" халықаралық қаржы орталығының (AIFC) қатысушысы және AFSA тарапынан цифрлық активтермен сауда алаңын ұйымдастыруға (Digital Asset Trading Facility), сондай-ақ цифрлық активтерге байланысты қаржылық қызметтер көрсетуге лицензия алған компания. Bybit Kazakhstan Қазақстанда цифрлық активтермен жұмыс істейтін институционалдық және корпоративтік клиенттерді қолдау үшін реттеуші талаптарға сәйкес инфрақұрылымды дамытып келеді.

www.bybit.kz

AFSA туралы

Astana Financial Services Authority (AFSA) – AIFC аясындағы қаржылық қызметтер мен байланысты қызмет түрлерін реттейтін тәуелсіз орган. AFSA-ның мандаты халықаралық стандарттарға сәйкес әділ, ашық және тиімді қаржы орталығын қалыптастыруға бағытталған.

www.afsa.kz

*Дисклеймер: Бұл материал тек ақпараттық мақсатта ұсынылған. Сипатталған өнімдер мен қызметтер кейбір юрисдикцияларда қолжетімсіз болуы мүмкін. Комиссиялар мен лимиттер өзгеруі мүмкін және қолданылатын реттеушілік талаптарға байланысты. Инвестициялық шешім қабылдамас бұрын инвесторларға қолданылатын шарттармен танысып, өз тәуекел деңгейін бағалау ұсынылады.

**PR құқығында