2026 жылғы наурыз айында 166 автокөлік сатылып, Geely Galaxy EX5 EM-i моделі сатылым бойынша рекорд орнатты. Аталған көрсеткіш Қазақстан тарихындағы гибридті автокөліктер арасында бір айдағы ең жоғарғы нәтиже болды. Бұл туралы AllurGroup компаниясының өкілдері хабарлады.
Қазақстан автобизнес қауымдастығы дерегіне сәйкес, 2026 жылдың алғашқы 3 айының қорытындысы бойынша Geely Galaxy автокөліктерінің жалпы сатылым көлемі 596 автокөлік болса, оның ішінде гибридті EX5 EM-i моделі 191 көлікке жетті.
Наурыз айы – қарқынды өсу кезеңі
Рекордтық көрсеткіш брендтің гибридті модельдеріне деген сұраныстың жедел артуының заңды жалғасы болды.
Қаңтар айында 4 көлік сатылса, ақпанда cатылған көліктер саны 21-ге, ал наурызда 166-ға жетті. Бұл бір ай ішінде сұраныс шамамен 8 есе өскенін көрсетті.
Мұндай қарқын нарықтағы ең жоғары өсім көрсеткішінің бірі және гибридті технологияларға деген қызығушылықтың айтарлықтай артқанын растайды.
Гибридті автокөліктер нарығы: басты тренд
Қазақстанда гибридті көліктерге сұраныс жүйелі түрде арта түсті.
Сатып алушылар жанармайды үнемдейтін, зарядтау инфрақұрылымына тәуелсіз және күнделікті пайдалануда электромобильдің жайлылығын қамтамасыз ететін нұсқаларды жиірек таңдай бастады.
Осыған байланысты гибридті автокөліктер автомобиль нарығының өсімін қамтамасыз ететін негізгі қозғаушы күшке айналып отыр.
Осы нарық сегментінде Geely Galaxy даму қарқыны бойынша көшбасшылардың қатарында.
Қазақстандықтар неліктен Geely Galaxy-ді таңдайды?
Geely Galaxy көш бастауы — кездейсоқтық емес, ол технология, үнемділік және тәжірибелік тиімділіктің нәтижесі.
Geely Galaxy Thor EM-i гибридті жүйесі жанармай шығынын барынша азайтады, электр қозғалтқыш есебінен жедел динамикасы бар және бірқалыпты жүреді.
Автокөлік қозғалыс жағдайларына қарай күштік қондырғының жұмысын автоматты түрде бейімдеп, ең жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.
Geely Galaxy гибридтері жанармайды үнемдеуге, қызметтік шығындарды қысқартуға және зарядтау станцияларына тәуелді болмай еркін жүруге жағдай жасайды.
Бұл Қазақстан сияқты жол қашықтығы үлкен әрі инфрақұрылымы әркелкі ел үшін өте өзекті.
Geely Galaxy неліктен №1 орынға жайғасты
Geely Galaxy Thor EM-i гибридті жүйесі қозғалтқыш пен электр моторы арасындағы жүктемені интеллектуалды түрде реттейді. Іс жүзінде бұл мүлде басқа жүргізу тәжірибесін береді:
Осылайша жүргізуші жүріс қоры бойынша электрокардың шектеусіз динамикасы мен жайлылығына қол жеткізеді.
Іс жүзінде бұл көлік қалай жүреді?
Ең маңыздысы – көрсеткіш емес, әсер.
Geely Galaxy көліктері барлық режимде әмбебап екенін аңдатады:
Басқа гибриді көліктерден басты айырмашылық осы: көлік ешбір жағдайда "әлсіреп" қалмайды, кез келген режимде бірдей сенімді жүреді.
Жанармай шығыны мен жүріс қоры
Үнемділік – көліктің көшбастаудағы негізгі факторларының бірі.
Geely Galaxy мынадай көрсеткіштермен ерекшеленеді:
Нақты өмірде зарядтаусыз орташа шығын 6–6,3 л/100 км деңгейінде.
Бұл дәстүрлі бензинді SUV-ке қарағанда жанармайды 70%-ға дейін үнемдейді.
Баға мен жабдықталуы:
Арнайы ұсыныс шеңберінде бастапқы баға 11 990 000 теңгеден басталады.
Сонымен қатар бұл автокөлік интеллектуалды көмекші жүйелермен, заманауи қауіпсіздік жүйесі және толық цифрлық экожүйемен жабдықталған.
Компания өкілдерінің айтуынша, Geely Galaxy көшбасшылығы тек сатылым нәтижесі ғана емес. Бұл — жаңа тұтынушылық мінез-құлықтың көрінісі: қазақстандықтар жаппай гибридті көліктерге ауысып, шынайы өмірде барынша пайда әкелетін өнімді таңдауда.
