in

Баланың баспанасы мен біліміне ақша жинау: "Отбасы банк" тиімді тәсілдерді ұсынды

Бүгінде Қазақстанның әрбір баласында бұрын болмаған мүмкіндіктер бар. Мемлекеттен берілетін бастапқы капитал және Ұлттық қордан түсетін қаражат. Балаға берілетін бұл қаражат уақыт өте келе бірнеше миллион теңгеге дейін өсіп, оның білім алуына немесе жеке баспанасын сатып алуына жұмсалуы мүмкін. Ата-аналар үшін басты артықшылығы – жинақты нөлден бастаудың қажеті жоқ. Себебі алғашқы қадамды мемлекет жасап қойды.

Баланың болашағына капитал жинауға "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы, "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі және "AQYL" білім беру депозиті көмектеседі. "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы – "Отбасы банкі" жинақтарды тиімді сақтап, оларды болашақта білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсау үшін көбейтуге мүмкіндік береді.

Алғашқы капитал қазірдің өзінде бар

2024 жылдан бастап Қазақстанның әрбір баласына Ұлттық қордан инвестициялық табыстың бір бөлігі аударылады. Бағдарламаға үш жыл қатарынан қатысып келе жатқан балалардың шотында қазірдің өзінде 370,56 АҚШ доллары жинақталды. 18 жасқа толған қазақстандықтар бұл қаражатты бірден пайдалана алады. Оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға төлеуге жұмсауға болады.

Жинақ сомасы әзірге салыстырмалы түрде аз. Сондықтан қазақстандықтардың басым бөлігі бұл қаражатты бастапқы капитал ретінде пайдаланып, әрі қарай жинақтарын жалғастырып, "Отбасы банкіндегі" депозиттерін толықтырады. Мұны қазірдің өзінде 198 949 жасөспірім жасады. Үш жыл ішінде олар Ұлттық қордан түскен 19,5 млрд теңгені жинақ шоттарына бағыттаған.

Олардың барлығы қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидатын жақсы түсінеді: ақша қозғалыста болуы керек. Өйткені кәмелетке толғаннан кейін қаражат БЖЗҚ-дағы нысаналы шотта қала берсе, оған қосымша табыс есептелмейді. Ал егер ақша 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол шот иесінің зейнетақы шотына аударылады.

Ұлттық қордан түскен жинақ "Отбасы" банкіндегі азаматтарға қалай жұмыс істейді:

Бүгінде Ұлттық қордан түскен қаражатты Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы бірнеше қадаммен алуға болады.

"Келешек" бағдарламасы бойынша "Отбасы" банкіндегі балалардың шоттарына 8,2 млрд теңге аударылды

Өткен жылдан бастап Қазақстанда "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі жұмыс істейді. Бағдарлама аясында мемлекет бес жасқа толған балаларға бастапқы білім беру капиталын береді. Бұл қаражат "AQYL" білім беру депозиттеріне аударылып, баланың болашақтағы біліміне арналған алғашқы жинағына айналады.

"Отбасы банкі" арқылы мұндай мемлекеттік қолдауды қазірдің өзінде 35 070 қазақстандық бала алды. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың жалпы сомасы 8,2 млрд теңгені құрады.

Алдағы күндері мемлекеттік қолдау алатын балалардың саны тағы да артады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бес жасқа толған 15 085 баланың шотына бастапқы білім беру капиталы аударылады. Олардың "Отбасы банкіндегі" білім беру депозиттеріне 3,9 млрд теңге түседі. Ал 2026 жылдың екінші жартыжылдығында бес жасқа толатын балаларға қаражат 2027 жылғы ақпанда аударылады.

Осылайша, 2026 жылдың қорытындысы бойынша 29 099 бала бастапқы білім беру капиталын алады. Мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрайды.

Старттық капиталды мемлекеттен сақтап қалу үшін ата-аналар баласы кәмелетке толғанға дейін немесе білім беру ұйымына түскенге дейін "AQYL" депозитіне жыл сайын жарна салып отыруы қажет.

2026 жылы жылдық ең төменгі жарна 24 АЕК немесе 103 800 теңгені құрайды.

Әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін бұл сома 12 АЕК немесе 51 900 теңге.

Ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атына ашылған "AQYL" депозитіне міндетті жыл сайынғы жарна салу талап етілмейді.

"AQYL" депозитінде қаражат жинауға ата-аналарға мемлекет пен "Отбасы банкі" қолдау көрсетеді:

*Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 15 шілде №1.1.972.134 банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы.