in

Қазақстанда жұмыссыздардың саны қанша

2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 446 000-нан астам азамат ресми түрде жұмыссыз саналған. Сонымен қатар 4,8 млн-нан астам адам жұмыс күші болып есептелмейді. Толығырақ astana24.com порталынан оқыңыз.

2025 жылдың соңында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш сәл төмендеп, 4,5 пайыз болды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, елде 9 838 074 адам жұмыс күші ретінде саналады:

Жұмыссыздық деңгейі ең жоғары өңір – Маңғыстау облысы – 5 пайыз.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын елдегі ең жоғары орташа жалақы осы облыста тіркелген болатын.

Одан кейін 4,9 пайыз көрсеткішпен Павлодар және Атырау облыстары жұмыссыздық бойынша көш бастап тұр.

Шымкентте жұмыссыздардың үлесі 4,6 пайыз, Алматыда – 4,4 пайыз, ал Астанада – 4,3 пайыз. Қарағанды облысында жұмыссыздық деңгейі ең төмен – 4 пайыз.

Айта кетейік, жұмыссыздар арасында аздап гендерлік теңгерімсіздік байқалады. Бірінші тоқсанда жұмыссыз әйелдердің үлесі 5 пайыз (240 730 адам), ал жұмыссыз ерлердің үлесі 4 пайыз (205 319 адам) болды. Алайда нақты жұмыссыздық деңгейі бұл сандардан жоғарырақ болуы мүмкін.