Жобалық кеңсенің отырысында жаңа Салық кодексіне енгізілуі мүмкін түзетулердің кезекті блогы қаралды, деп хабарлайды үкімет сайтына сілтеме жасаған astana24.com.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа Салық кодексіне енгізу ұсынылып отырған өзгерістердің бірі – цифрлық активтердің заңды айналымын ынталандыру үшін жеңілдетілген салықтық жағдай жасау.
"Ол үшін жеке тұлғаларды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі цифрлық активтер қызметі қазақстандық провайдерлері арқылы жасалған цифрлық актив операцияларынан түскен кіріс бойынша жеке табыс салығынан босату көзделген", – делінген хабарламада.
Түзетулердің жекелеген блогы инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге және шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым тартымды жағдай жасауға арналған.
"Атап айтқанда, инвестициялық басым келісімшарттар, сондай-ақ фискалдық преференциялар пакетінде көзделген барлық инвестиция туралы келісімдер жасау тетігін қалпына келтіру ұсынылады. Сонымен қатар инвесторларға қажетті инфрақұрылымды дербес жүргізуге мүмкіндік беру, кейіннен КТС бойынша шегерім тетігі арқылы келтірілген шығынды өтеу ұсынылады", – делінген хабарламада.
Жаңа пакетке бұрын Жобалық кеңсе отырыстарында әзірленген шешімдер де енгізілген. Олардың қатарында:
Сондай-ақ пакет салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыруға, салық рәсімдерін жетілдіруге және Салық кодексін қолдану барысында анықталған мәселелерді шешуге арналған түзетулермен толықтырылған.
Үкімет ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда пакетке барлығы 45 өзгеріс енгізілген.
