Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желіде банктердегі депозиттер бойынша пайыздарға 5 пайыз салық енгізу туралы ақпарат тарап жатқанын мәлім етіп, оның шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды astana24.com.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды", – делінген хабарламада. Қазақстан үкіметі бұл норманын күшін жою және депозиттер бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін қарастырып жатқан жоқ.
