in

Бишімбаев ісі арқылы танылған прокурор Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде тіркелді

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі арқылы танылған прокурор Айжан Аймағанова "Әділет" партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізіміне енді, деп хабарлайды astana24.com.

"Әділет" партиясының сайтындағы ақпаратқа сай, бүгін, 10 шілдеде партияның кезектен тыс съезі кезінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутаттыққа үміткерлердің партиялық тізімі бекітілген. Тізімде 186 кандидаттың есімі бар. Олардың арасынан мәжіліс депутаттары да бар.

Кандидаттар қатарында прокурор Айжан Аймағанованы да көруге болады. Ол экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы ретінде танылған болатын.