in

Грузия президенті Михаил Кавелашвили Астанаға келді (фото)

2024 жылы Грузия президенті болып сайланған Михаил Кавелашвили Астанаға келді. Ол бүгін басталатын халықаралық экологиялық саммитке қатысады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.

"Астанаға Грузия президенті Михаил Кавелашвили келді. Ол 22-24 сәуір аралығында елордада өтетін RES 2026 халықаралық экологиялық форумының жұмысына қатысады", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

Ақорданың мәліметінше, БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.

Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.