in

Тоқаев жаңа сараптама тобы туралы өкімге қол қойды: оның құрамына кім кірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы" туралы өкімге қол қойды.

Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы – президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылған.

"Сараптама тобының негізгі міндеттері – концептуалды тәсілдерді анықтау және сараптамалық жағынан әзірлеу, талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылау", – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сараптама тобының жұмыс органы саналады.

Сараптама тобының отырысы қажет кезде, алайда кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.

Сараптама тобының басшылық құрамына мына тұлғалар кірді:

Сараптама тобының мүшелері: