in

Тоқаев Ливан президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Ливан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.