in

"Менің досым": Трамп Путинмен түскен суретін жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде Ресей президенті Владимир Путинмен түскен суретін жариялады. Оның сипаттамасында "досым" деген жазу бар, деп хабарлайды astana24.com.

АҚШ презииденті Дональд Трамп Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен және Владимир Путинмен өткен кездесуден бірнеше фото жариялады.

Солардың бірін "менің досым" деп сипаттады. Бұл суретте Трамп пен Путиннің қол алысқан сәті көрсетілген.

Бұған дейін Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммитінде Си Цзиньпинмен үшжақты келіссөз алдында екіжақты кездесу өткізгенін жазған едік. Сол кезде Ақ үй басшысы Ресей президентімен қарым-қатынасы тамаша екенін атап өтіп, оны "досым" деп атаған.

Кейін Зеленский Трамптың Путинді "досым" деп атағанына қатысты пікір білдірді. Украина басшысы Путинді жау деп атады .