in

"Біз үшін ол – жау": Зеленский Путинді досым деп атаған Трамптың сөзіне пікір білдірді

Украина президенті Владимир Зеленский Қытайдағы үшжақты кездесу барысында Владимир Путинді өзінің досы деп атаған Дональд Трамптың сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды CNN арнасына сілтеме жасаған astana24.com.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен АТЭЫ саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Бұл кездесу барысында ол Владимир Путинді өзінің досы деп атады. Кейінірек Трамп Шэньчжэньдегі кездесуді 10 балдан 12 балға бағалайтынын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында Трамптың Путин туралы айтқан сөздеріне пікір білдірді.

"Путинді қалай атауды президент Трамп өзі шешеді. Бірақ, әрине, біз үшін ол – жау. Оған қоса әрине, біз үшін ол – кісі өлтіруші. Негізінде бүкіл әлемдегі адамдар үшін де ол кісі өлтіруші деп ойлаймын, өйткені ол адам өлтіріп жатыр. Айтпақшы, ол күн сайын және түн сайын өлтіруде", – деді Зеленский.