Сот FlyArystan жолаушыларының құқықтарын қорғау мәселесі бойынша Сауда министрлігінің талаптарын қолдады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сот FlyArystan әуекомпаниясының қағидаларында анықталған тұтынушылар құқықтарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқаманың заңдылығын растаған.
"Әуекомпаниясына тексеру жүргізуге жолаушының өтініші негіз болды. Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен және Астана қаласы бойынша аумақтық департаментпен өзара іс-қимыл жасай отырып, жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында әуекомпаниясының ішкі қағидаларында жолаушылардың құқықтарын шектейтін бірқатар ереже анықталды", – делінген хабарламада.
Атап айтқанда, мынадай бұзушылықтар анықталған:
Тексеру нәтижелері бойынша әуекомпаниясына анықталған бұзушылықтарды жою және ішкі тасымалдау қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы нұсқама берілген.
Әуекомпаниясы тексерудің және берілген нұсқаманың заңдылығын сот тәртібімен даулаған.
"2026 жылғы 21 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әуекомпаниясының нұсқаманың күшін жою туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.
Алматы қаласының апелляциялық сатысы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды", – делінген хабарламада.
Бұл ретте сот тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының авиациялық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру өкілеттіктерін, сондай-ақ берілген нұсқаманың заңдылығы мен негізділігін растаған.
"Сауда және интеграция министрлігінің қағидатты ұстанымы – әуекомпанияларының ішкі қағидалары заңнамада кепілдік берілген жолаушылардың құқықтарын шектемеуге тиіс.
Тасымалдау шарттары, ақшалай қаражатты қайтару тәртібі, қосымша алымдарды өндіріп алу және наразылық хаттарды қарау мәселелері тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарына сәйкес болуы қажет.
Министрлік жолаушылар тасымалы саласында азаматтар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыратын болады", – деп мәлімдеді ведомство.
