in

Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекараны жабады

Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарадағы барлық бес автомобиль өткізу пунктін жабады. Шектеулер ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін енгізілмек, деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Эстония үкіметі Ресеймен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерін жабу туралы шешім қабылдады. Шектеулер 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Әңгіме барлық бес өткізу пункті туралы болып отыр: Нарва-1, Нарва-2, Койдула, Лухамаа және Саатсе. Бұл туралы елдің премьер-министрі Кристен Михал баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Үкімет алты айдан кейін ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мүддесі үшін енгізілген шектеулерді өзгерту қажет пе, жоқ па, соны бағалайды", – деді ол.

Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдауға Ресейдің дұшпандық әрекеттері, соның ішінде қорғаныс кәсіпорындарына жасалған шабуылдар негіз болған. Соңғы оқиға 13 қарашада Украинаға арнап дрон шығаратын Threod Systems кәсіпорнын өртеу әрекеті болды, деді Михал.

Ол алдағы апталарда үкімет шекара жабылуының шекара маңындағы аймақ тұрғындарына тигізетін салдарын жеңілдету үшін Эстонияның оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында қандай шаралар қабылдау қажеттігін талқылайтынын атап өтті.

Сыртқы істер министрі Маргус Цахкна баспасөз мәслихатында үкімет шешімі адамдар мен көлік құралдарының автомобиль өткізу пункттері арқылы өтуіне қатысты екенін және теміржол арқылы жүк тасымалдауға қосымша шектеулер қойылмайтынын айтты.

Министрдің түсіндіруінше, теміржол тасымалы қолданыстағы шектеулер мен мүмкіндіктерге сәйкес және қатаң кедендік бақылаумен жүзеге асырылады.