Достық даңғылы мен Сәтпаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, аталған учаскеде кабель тарту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды astana24.com қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
"Алматыда 22-нен 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтпаев көшесінің қиылысында кернеуі 10 кВ кабелдік желіні төсеу жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі", – деп хабарлады Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты.
Сағат 22:00 мен 06:00 аралығында кабельді ашық тәсілмен төсеу жұмыстары жоспарлануда. Ол аяқталған соң мердігер ұйым жол төсемін және абаттандыру элементтерін қалпына келтіреді.
Жүргізушілерден маршрутты жоспарлау кезінде алдағы шектеулерді ескеру сұралады.
