Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі", – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бүгін президент бірқатар лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындады. Оның ішінде ҰҚК, Ұлттық банк төрағасы да бар.
