Президент "Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Жарлыққа сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астанада өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың сәтті әрі мінсіз ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
Кеше Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялады.
Бес пайыздық межеден бес партия өтті:
Сайлауға қатысқан қалған екі партия жеткілікті дауыс жинай алмады:
"Бәріне қарсымын" нұсқасына сайлаушылардың 2,51 пайызы дауыс берген.
