Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ертең, 17 сәуірде Түркияға жол тартатынын хабарлады. Оны Режеп Тайип Ердоған шақырды, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда мәліметіне сәйкес, президент Режеп Тайип Ердоғаннан шақырту алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 сәуірде Түркияға жұмыс сапарымен барады.
Қазақстан президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.
