18-20 маусым күндері Қазақстанға Черногория президенті Яков Милатович келеді, деп хабарлайды Ақорда.
18-20 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Ақорда мәліметінше, 19 маусымда тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылайды.
