Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшілерін ауыстырды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ президент жарылықтарымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Қырғызстан мен тағы бірнеше елдегі жаңа елшілері тағайындалған еді.
