in

Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі тағайындалды

Бүгін, 27 қыркүйекте Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, ол бұған дейін Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған.