Алдағы аптада Қазақстанға Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
"5-6 қазан күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді", – делінген хабарламада.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.
