in

Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды айыптап, қақтығысты тоқтатуға шақырды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хуситтердің Сауд Арабиясындағы азаматтық нысандарға жасаған шабуылдарын қатаң айыптады. Бұл туралы astana24.com ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптайды.

Мұндай шабуылдар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Оларға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды.

Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді", – делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстан шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдармен шешуге шақырды.

"Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды", – деп қосты министрліктегілер.

Напомним, сегодня сообщалось, что в результате атаки на международный аэропорт имени короля Халида в Эр-Рияде погибли минимум 12 человек, еще 309 получили ранения. Ответственность за произошедшее возлагают на йеменских хуситов , которые выпустили ракету по объекту.

Еске сала кетейік, 11 қазанда Эр-Риядтағы король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жарақат алғаны хабарланған еді. Оқиға үшін жауапкершілік нысанға зымыран атқан йемендік хуситтерге жүктеліп отыр.

Қаза тапқандардың арасында Сауд Арабиясының төрт азаматы, Бангладештің екі азаматы, АҚШ-тың бір азаматы, бір мысырлық, бір иорданиялық, бір сириялық, бір палестиналық және бір судандық бар. Жарақат алғандардың кейбірі ауыр халде.

Сыртқы істер министрлігі NUR.KZ-ке қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.