"Қоғамдық саясат институты" жекеменшік мекемесі Құрылтай депутаттарын сайлау күні өткізілген экзитпол нәтижелерін жариялады. Бұл туралы astana24.com хабарлайды.
В день выборов депутатов Курултая Институт общественной политики по заказу "Седьмого канала" провел exit poll. Согласно результатам опроса голоса избирателей распределились следующим образом:
Құрылтай депутаттарын сайлау күні "Қоғамдық саясат институты" "Жетінші арнаның" тапсырысы бойынша экзитпол өткізді. Сауалнама нәтижелері мынадай:
Сауалнама еліміздің барлық өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілді. Оған 24 мыңнан астам респондент қатысты. Зерттеудің қателік жіберу шегі ±0,63 пайызды құрайды.
Экзитпол (ағылшын тілінен exit poll – "шыға берістегі сауалнама") – әлемдік әлеуметтік тәжірибеде қолданылатын рәсім. Әлеуметтік қызметтер оны азаматтар дауыс беріп шыққаннан кейін сайлау учаскелерінің маңында өткізеді.
