in

"Ақ жол" партиясынан Құрылтайға кім барады: партия тізімдерді жария етті

"Ақ жол" Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлау қорытындылары бойынша Құрылтай депутаттарының 8 мандатын бөлді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады astana24.com.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25.08.2026 ж. №48/84 қаулысына сәйкес, "Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлауда алған Құрылтай депутаттарының 8 мандатын "Ақ жол" ҚДП партиялық тізіміне кірген кандидаттар арасында бөлді. Олар:

1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы

2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы

3. Еспаева Дания Мәдиқызы

4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы

5. Ли Юрий Виссарионович

6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы

7. Шынасылова Мейраш

8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы", – делінген партияның ресми сайтындағы хабарламада.

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы шығарған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелері бойынша "Ақ жол" Демократиялық партиясы 478 083 дауысқа (5,21%) ие болды.