in

Маңғыстау облыстық ПД-ға жаңа бастық тағайындалды

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл қызметке Амангелді Досжанов келді, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Амангелді Досжанов ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін бітірген. Еңбек жолын тергеу бөлімшелерінен бастаған.

Маңғыстау ауданының ІІБ бастығы, Мұнайлы ауданының ІІБ бастығы, Жаңаөзен қалалық ІІБ бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары және Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары болған.

Жаңа тағайындауға дейін ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.