in

Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, Астанада өтетін маңызды шараға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өткен.

Сондай-ақ екі елдің басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылаған.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырған.

Аталған жиындар мамыр айының соңында Астана қаласында өтеді.