in

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдерге қатысты жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ:

"Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.