in

Маңғыстау облысында жер астынан "субұрқақ" атқылады (видео)

Жаңаөзенде жер астынан су атқылады. Желіде оқиға орнынан видео жарияланды. Кейін мұнай өндіру нысанында апат болғаны анықталды, деп хабарлайды astana24.com Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Экология департаментінің мәліметінше, 27 сәуірде сағат 15:15 шамасында "ӨзенМұнайГаз" АҚ мұнай дайындау және өндіруге қызмет көрсету басқармасының №4 теңіз сорғы станциясында диаметрі 1020 мм болатын шығыс құбырында жарық анықталды.

Зақым салдарынан тесік пайда болып, су атқылай бастаған. Жер қойнауын пайдаланушы оқиға туралы сол күні 18:24-те хабарлады.

Ақаудың себебі әлі анықталған жоқ. Апат қазір толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Ведомстводағылар зертхана-аналитикалық бақылау мамандары осыған байланысты қоршаған орта жағдайын бақылап отырғанын айтты. Тексеріс нәтижелері кейінірек жарияланады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 – Ақтау – Актау (@112_aktau)