in

Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьері Эндрю Бернемді құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өткен.

Сонымен қатар екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растаған.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тілеген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Лейбористік партияның көшбасшысы Энди Бернем ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне кірісті.

Бұған дейін 2024 жылдың шілдесінен бері ел үкіметін басқарған Кир Стармер қызметінен кететінін хабарлаған еді.