Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың ортаншы қызы Алау мектеп бітірді. Өнер иелері қызының салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды astana24.com.
Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram желісіндегі парақшасында мектеп іс-шарасынан видео жариялады.
"Алау Қайратқызы – жас түлек. Жолың ақ, талабың нұрлы, зейінің ашық болсын! Сен армандаған белестің биік екенін білемін. Сен оған өз талпынысыңмен жетеріңді де білемін. Біз сенің қасыңдамыз" , – деп жазды актриса.
Салтанатты рәсімге Алаудың анасы ғана емес, әкесі Қайрат Нұртас та барды. Әнші түлектер мен мұғалімдерге арнап өнер көрсетті.
"Өзімнің әкем келгендей қатты қуандым", "Қалаған оқу орнына түсуіңе тілектеспін", "Өте әдемі балалар, формаларын айтсаңшы, бұндай форма көрмегелі қай заман", "Қандай күшті әкесінің барғаны. Қанша танымал болса да, қарапайым халықпен бірге тұр" – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)
