in

"Любэ" тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасов қайтыс болды

"Любэ" тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасов 64 жасында дүниеден озды. Бұл туралы ұжымның Telegram-дағы арнасында хабарланды, деп жазады astana24.com.

"Любэ" тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасовтың өмірден өткенін қайғыра хабарлаймыз.

Оның жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде сақталады. Алексейдің туған-туыстарына, жақындарына және оны таныған, жақсы көрген барша жанға көңіл айтамыз", – делінген жазбада.

РИА Новостидің мәліметінше, Алексей Тарасов 1961 жылы 2 желтоқсанда Мәскеуде дүниеге келген.

Ипполитов-Иванов атындағы академияның дирижер-хор бөлімін бітірген. "Любэ" тобы құрылған алғашқы кезден бастап оның құрамында болған.