Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан желіде отбасындағы қуанышты жағдай туралы айтты. Ол болашақ келініне сырға салды, деп хабарлайды astana24.com.
Динара Сәтжан желіде отбасылық жиында түскен суреттерін бөлісті. Тележүргізуші ұлының қалыңдығын төрт жылдан бері білетінін, ұлы әскерде болған кезде оған бірге барғанын айтты.
"Мен Айнұрды төрт жылдан бері танимын. Даниал әскерге кеткенде Айнұр екеуіміз бірге барып жүрдік. Сол кезде ұлымның жар таңдауда қателеспегеніне риза болдым.
Айнұр тек сүйген жары ғана емес, ұлымның артындағы сенімді тыл болатынына көзім жетті", – деді Динара Сәтжан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)
Динара Сәтжанды алда үйлену тойына дайындық күтіп тұр. Тележүргізуші оны уайымдайтынын айтты.
Тележұлдыз сонымен қатар өз енесі және болашақ келінімен бірге түскен суретін көрсетті.
"Мен қандай ене болатынымды әлден білем. Өйткені менің жанымда маған үлгі болатын жан бар", – деді Динара.
"Керемет оқиға. Құттықтаймын", "Жас жұбайларға бақыт тілеймін", "Сендер қатты ұқсайсыңдар!", "Сендерді шын жүректен құттықтаймын және зор бақыт тілеймін", "Әдемі қалыңдық", "Сен жақсы ене боласың" – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Динара Сатжан (@dinarasatzhan)
