Димаш Құдайберген жанкүйерін қуантты – ол түрік тілінде жазылған әнін жарыққа шығармақ, деп хабарлайды astana24.com. Әншінің жаңа туындысы Yazgı деп аталады.
Димаш Құдайберген Yazgı әніy жазу бойынша жұмыс аяқталып қалғанын мәлім етті. Кішігірім түзетулер енгізу ғана қалған. Ол әнді жанкүйер назарына ұсынуға асығып жүргенін айтты.
"Сіздерге ұнайды деп үміттенемін. Менімен бірге болғандарыңызға рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін", – деп жазып, үстіне қара былғары күрте киіп, мотоциклге мініп түскен суретін жариялады.
Желі қолданушылары Димаштың жазбасына жарыса пікір қалдыруда.
"Жаңа әннің шығуын асыға күтемін", "Біз де сені жақсы көреміз. Біз сені қолдау үшін осындамыз", "Әрбір жаңа музыкалық туындыңды асыға күтемін!", "Сен кереметсің", "Қандай әдемі, жүрегім бір сәт тоқтап қалды", – деп жазды жанкүйерлер әлемнің әр түкпірінен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
