Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан актриса әрі продюсер Дариға Бадықова күйеуімен бірге демалысқа ұшып кеткен Қатардан суреттерді бөлісті, деп хабарлайды astana24.com.
Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айын Қатарда өткізіп жатыр. Актриса Instagram-дағы парақшасында Дохада бір күн бұрын жарымен түскен суреттерін жариялады.
Кадрлардан оның гүлді принті бар ақшыл жазғы көйлек пен күннен қорғайтын көзілдірік кигенін, ал күйеуі Олжас Абайдың қала аралау үшін поло-футболка мен ыңғайлы шорты таңдағанын байқауға болады.
"Өмірден көп нәрсе сұраймын. Доха қаласы", – деп жазды Дариға Бадықова.
Ал желі қолданушылары жұбайларға жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
"Сіздерді жақсы көремін", "Бақытты болыңыздар", "Бақыттарыңыз ортаймасын", "Қалай құлпырып кеткен!", "Күшті болып жайнап кетіпсіз", "Махаббат адамды өзгертеді, қандай сұлу болып кеткенсіз! Бақытты болыңыздар", – деп жазды желідегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)
Естеріңізге сала кетейік, жақында Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйлену тойын өткізген еді.
