in

Америкалық актриса Хайден Панеттьеридің өлімінің ресми себебі белгілі болды

Variety басылымының хабарлауынша, сарапшылар "Герои" және "Нэшвилл" сериалдарының жұлдызы фентанил мен бірқатар басқа препаратты абайсызда шамадан тыс қолдану салдарынан қайтыс болғанын анықтады, деп жазды astana24.com.

Оңтүстік Каролина штатындағы Гринвилл округінің коронер кеңсесі актриса Хайден Панеттьеридің өліміне қатысты токсикологиялық сараптама нәтижелерін жариялады. Медициналық сарапшылардың ресми мәлімдемесіне сәйкес, 36 жастағы әртістің өліміне фентанил, алпразолам, метокарбомол, кветиапин және 4-ANPP заттарының уытты әсері себеп болған.

Панеттьеридің өлімі жазатайым оқиға деп танылды. Оның денесінен ешқандай жарақат немесе зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Жергілікті полиция өкілдері де оқиға орнын алғашқы тексеру кезінде күдікті жағдайлар немесе қылмыс белгілері анықталмағанын растады.

Актриса 2026 жылдың 16 тамызында Гринвилл қаласындағы пәтерінде қайтыс болды. Оқиға орнына келген дәрігерлер 40 минуттан астам уақыт бойы реанимациялық шаралар жүргізгенімен, Панеттьеридің өмірін сақтап қала алмады. Оқиға кезінде пәтерде оның жігіті Брайан Хикерсон мен оның бауыры болған, олар жедел жәрдем қызметін шақырған.

Хайден Панеттьери актерлік мансабын бала кезінен жарнамалық роликтер мен телешоуларға түсуден бастаған. Оған "Герои" фантастикалық сериалындағы Клэр Беннет рөлі, сондай-ақ "Нэшвилл" драмасына түсуі дүниежүзілік танымалдылық әкелді. Соңғы жылдары әртіс өзінің психикалық мәселелері мен тәуелділікпен күресі туралы ашық айтып жүрген еді. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын тергеуді жалғастыруда.