in

"Мстители: Финал" фильмі "Аватарды" басып озып, тарихтағы ең көп касса жинаған фильм атанды

Marvel блокбастерінің қайта прокатқа шығуы оған әлемдік кассалық көшбасшылықты қайтарып алуға мүмкіндік берді, деп жазды The Hollywood Reporter басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

Marvel студиясының "Мстители: Финал" фильмі әлемдік кинематограф тарихындағы ең көп кассалық жинаған картиналар тізімінде қайтадан бірінші орынға шықты. Бұл туындының "Мстители: Финал — На бис" (Avengers: Endgame Encore) атауымен кинопрокатқа қайта шығарылуының арқасында мүмкін болды. 2019 жылғы суперқаһармандық блокбастердің жалпы түсімі 2,9255 миллиард долларға жетіп, Джеймс Кэмеронның 2,9237 миллиард доллар жинаған "Аватар" ғылыми-фантастикалық фильмін басып озды.

Қосымша материалдар мен жаңа көріністері бар фильм қайта көрсетілімнің алғашқы екі уикендте бүкіл әлем бойынша шамамен 126 миллион доллар жинады. Алғашқы уикендте лента 86 миллион доллар, ал екінші демалыс күндерінде тағы 18,8 миллион доллар жинады. Қазіргі таңда екі кинотуынды арасындағы айырмашылық шамамен екі миллион долларды құрады.

"Мстители: Финал" картинасы "Аватарды" алғаш рет 2019 жылдың шілдесінде басып озған болатын. Алайда 2021 жылдың наурызында Кэмеронның лентасы Қытай прокатында қайта көрсетілуінің арқасында бірінші орынды қайтарып алды. Режиссерлер Энтони мен Джо Руссо, сондай-ақ Marvel Studios өкілдері әлеуметтік желілерде көрермендерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.