Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаев жаңа ән шығарды. Ән Астана мен Ташкент тұрғындарының достығына арналған, деп хабарлайды astana24.com.
Қанат Айтбаев шынайы достыққа арналған жаңа музыкалық туындысын көпшілік назарына ұсынды. Әннің музыкасын Айтбаев өзі жазған.
"Ташкент шаһарындағы достардың ықылас, ниетіне ризалықтан туындаған әнімді қабыл алыңыздар. Сөзін жазған Қуат Бораш. Аранжировкасын жасаған Рустам Тулешов. Әннің толық нұсқасын музыкалық платформалардан көшіре, тыңдай аласыздар", – деп жазды Қанат Айтбаев.
"Ташкент сіздерді әрқашан күтеді, сіздер біздің жүрегіміздесіздер! Рахмет", "Керемет ән", "Құрметті Қанат Құдайбергенұлы, тамаша жеке композицияңыз үшін көп рахмет", "Сондай әдемі ән, құтты болсын!", – деп пікір білдірді әлеуметтік желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Канат Айтбаев (@kanat_sveta_aitbayevtar)
