8 маусымнан бастап Алматы қаласы мен облысында электр энергиясы үшін төлемді уақытында төлемейтін тұтынушыларға электр қуатын беру шектелуі немесе толықтай тоқтатылуы мүмкін деп хабарлайды astana24.com АЖК-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның "Энергосбыт" филиалының мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша өңірдегі электр энергиясы үшін берешектің жалпы көлемі 34 млрд теңгеге жетті.
Компания өкілдері қарыз көлемінің артуы энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысына қауіп төндіретінін айтуда. Осыған байланысты энергетиктер меншік иелері бірлестігі және көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы компанияларды тұрғындар төлеген ақшаны электр энергиясын жеткізушілерге уақытылы аударуға шақырды.
"Энергия таратушы ұйым шартта белгіленген мерзімде төлем жасалмаған немесе толық төленбеген жағдайда тұтынушыға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқылы", – делінген хабарламада.
Алматыдағы ең ірі борышкерлер тізімі:
Алматы облысындағы ірі борышкерлер:
Электр энергиясын өшіру алдын ала ескерту жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Қарызын әлі өтемеген тұрғындарға берешекті мүмкіндігінше тезірек жабу ұсынылады. Әйтпесе, мәселе сотқа дейін жетуі мүмкін.
