Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Ведомствоның мәліметінше, жауын-шашын мен найзағайға байланысты коммуналдық қызмет жоғары дайындық режиміне көшірілген.
"Қазгидромет" деректеріне сәйкес, Алматыда 23 сәуір сағат 15:00-ден бастап жауын-шашын түседі, ал 17:00-ден кейін кей тұстарда нөсер жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
24 сәуірде де жаңбыр, кей жерде нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды.
25 сәуірде күн құбылмалы болады, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Су басу қаупінің алдын алу және оларды жедел жою мақсатында қалалық қызмет тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырған. Атап айтқанда:
Жалпы қала бойынша тәулігіне 2,7 мыңнан астам жол қызметкері мен 1,2 мыңнан астам техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері де қосымша кезекшілік атқарып жатыр.
"Жұмыс тәулік бойы тоқтамайды. Барлық қызмет ауа райының өзгерістеріне жедел әрекет етуге және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын", – делінген хабарламада.
