2025 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank-тің таза пайдасы 191,0 млрд теңге, ал меншікті капиталдың рентабельділігі (ROE) – 32,9 %. Бұл – Қазақстанның банк секторындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Бір жыл ішінде банк нарықтағы өз позициясын нығайтып, актив, кредиттік портфель және депозиттік база бойынша нарықтық үлесті 10 %‑ке арттырды. Маңызды стратегиялық оқиға – Home Credit Bank‑ті сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталуы. Бұл ForteBank‑тің бөлшек сегменттегі позициясын күшейтіп, бизнес ауқымын арттыруға қосымша мүмкіндік береді.
Жыл қорытындысы бойынша банк активтері 49 %‑ке өсіп, 6,1 трлн теңгеге жетті. Таза проценттік кіріс 19,5 %‑ке артып, 313,9 млрд теңгеге жетті. Бұл кредиттік портфель мен активтердің кірісінің артуына байланысты. Меншікті капитал 36 %‑ке өсіп, 774,9 млрд теңгеге жетті, бұл қаржылық тұрақтылық қорын қамтамасыз етіп, реттеушілік нормативтерден асып түсті. Клиенттердің сенімі мен қаржыландырудың тұрақтылығы есебінен депозиттік база 50 %‑ке өсіп, 4,3 трлн теңге болды. Көрсеткіштердің өсуі органикалық даму есебінен, сондай‑ақ сатып алынған банктің көрсеткіштерін консолидациялау нәтижесі арқылы да қалыптасты.
Кредиттік портфель жылдық көрсеткіш бойынша 103 %-ке ұлғайып, бизнестің жедел дамуын көрсетті. Негізгі қозғаушы күш бөлшек сегмент алға шығып, тұтынушылық кредит беру, автокредит және цифрлық сату арналарының өсуі есебінен портфель шамамен үш есеге артты. ШОБ және корпоративтік бизнес сегменттері экономиканың басым секторларын қаржыландыру көлемінің ұлғаю нәтижесінде тұрақты өсім көрсетті. Home Credit‑ті интеграциялау бөлшек бизнес ауқымын кеңейтуге елеулі үлес қосып, банктің бөлшек кредиттік портфелінің 44 %-ін және депозиттік базасаның 32 %-ін қалыптастырды.
Активтердің сапасы жоғары деңгейде сақталуда, бұл тәуекел‑менеджмент жүйесінің тиімділігін растайды. Проблемалық кредиттер үлесі (NPL) 4,7 % және жағдай банктің бақылауында. Мұндай кредиттерді жабу деңгейі – 86 %, бұл нарықтағы орташа деңгейден әлдеқайда жоғары.
ForteBank капитал бойынша берік позиция сақтап отыр, К2 көрсеткіші 21,4 %-ті құрап, реттеуші талаптардан жоғары деңгейді көрсетті. 2025 жылы банк 400 млн АҚШ доллары көлемінде мерзімсіз субординацияланған облигацияларды (Additional Tier 1) сәтті орналастырып, соның нәтижесінде капитал базасын қосымша нығайтты.
Банктің бәсекелік артықшылығының негізгі факторы – цифрлық трансформация болып қала береді. ForteBank цифрлық экожүйені жүйелі түрде дамытып, онлайн‑сатылымдар мен транзакциялар үлесін арттыруда. Сонымен қатар аналитикалық шешімдерді енгізіп, технологиялық инфрақұрылымды дамыту арқылы операциялық тиімділікті күшейтуде.
2026 жылы банк қол жеткізілген нәтижелерге сүйене отырып, қарқынды дамуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Басым бағыттар қатарында цифрлық экожүйені дамыту, Home Credit платформасын интеграциялауды аяқтау және ауқымын кеңейту, бөлшек және ШОБ сегменттерінде өнімдер желісін кеңейту, сондай‑ақ жоғары табыстылық пен мықты капиталдандыруды сақтау бар. ForteBank орнықты өсу мен операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған ұстанымға басымдық береді.
ForteBank туралы
ForteBank – корпоративтік, бөлшек және ШОБ клиенттеріне кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынатын Қазақстандағы ірі жекеменшік банктердің бірі. Банк активтері мен капиталы бойынша елдегі жетекші банктердің қатарынан нық орын алады. Сонымен қатар цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізіп, тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етеді және инновациялар мен клиенттерге қызмет көрсету сапасы үшін халықаралық марапаттарға ие.
*ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 ж. "ForteBank" АҚ-ға берген N°1.2.29/197/36 лицензиясы.
*PR құқығында.
