in

Ауа райы бұзылды: Маңғыстау облысында жол жабылды

ҚазАвтоЖол Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– 2026 жылғы 5 ақпан сағат 00:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасы шекарасы» автожолының 0-85 шақырым аралығындағы учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, – делінген хабарламада. 

Жолды 2026 жылғы 5 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.